Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Басқа халықтарға арнап туын көтергендей белгі беріп, Солтүстік Исраил мен Яһуда патшалықтарының жер аударылып, шашыраған халқын дүниенің төрт бұрышынан жинап, қайтарып әкелмек. Ұлттар сенің сәулеңе ағылып, патшалары да шұғылаңа жақындап келеді. Уа, Сион қаласы, еңсеңді көтеріп, айналаңа қара! Халқың жиналып, саған қайтуға дайындалып жатыр! Ұлдарың алыс жолдан келіп, қыздарың баппен көтеріліп әкелінеді. Оларды көргенде жүзің нұрланып, жүрегің дүрсілдеп, шат-шадыман боласың. Сен теңіздің мол байлығын иемденіп, халықтар өз қазыналарын саған ұсынады. Жеріңді түйелер қаптайды. Мадиян мен Ефа халықтарынан желмая түйелер айдалып, сәбалық керуендер де саған жиі тоқтайтын болады. Олар алтын мен хош иісті заттар тасып әкеліп, Жаратқан Иенің ұлылығын жырлап паш етеді». (Жасаған Ие былай дейді:) «Қидар тайпасы саған отар-отар қой-ешкілерін айдап әкеліп, Набайоттың адамдары да саған қошқарларын ұсынады. Сол малдар шалынып, құрбандық үстелімде өртелгенде Маған ұнамды болады. Мен сәулетті ғибадатханамды қайтадан нұрлы салтанатыма кенелтемін. Жел айдаған бұлттай зымырап, көгершіндей ұясына қарай зулап келе жатқан бұлар кімдер? Теңіз жағалауларындағы шалғай елдер Менен белгі күткен еді. Енді, міне, үлкен сауда кемелері бірінші болып жетіп жатыр. Сион, олар сенің ұлдарыңды алыстан алып келе жатыр! Олар Менің құрметіме алтын-күмістерін бағыштайды. Мен Өзім, сенің Құдайың Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы, саған салтанат пен сәулет сыйлаймын. Қамалыңды жат жерліктер қайта тұрғызады, олардың патшалары да саған қызмет ететін болады. Сион, Мен қаһарланып, сені жазалаған едім. Енді саған риза болып, жанашырлық білдіремін. Қақпаларың күні-түні жабылмай, әрдайым ашық тұратын болады. Олар арқылы өзге халықтар мен олардың патшалары салтанатты шерумен жетелене кіріп, байлықтарын үздіксіз әкеле береді. Бұл отардан басқа да қойларым бар, соларды да алып келуім керек. Олар даусымды естіп таниды, сонда барлығы бір-ақ Бағушысы бар біртұтас отар болады. Тәңір Ие мұны белгілі уақыты жеткенде іске асырып, бүкіл әлемді: көк пен жердегінің барлығын да біріктіріп, Бастығы ретінде Мәсіхтің билігіне тапсыратын болады. Сондықтан естеріңде болсын: сендер басқа ұлттық болып тудыңдар, тәнінен ет кесіліп сүндеттелген яһудилер өздеріңді «сүндеттелмеген құдайсыздар» деуші еді. Ол кезде сендер Мәсіхтен мүлдем алшақ болып, Исраил халқынан тыс және Құдайдың Келісімдерінде берген уәделерінен шет қалдыңдар. Құдайды танымай, үмітсіз өмір кештіңдер. Алайда Иса Мәсіхтің қанын төгіп, құрбан болғандығы арқылы бұрын алшақ жүрген сендер енді Құдайға жақындадыңдар. Мәсіх — татулығымыздың Бастауы: Ол екі топқа бөліп тұрған қабырғадай өштестікті жойып, алып тастап, екі жағын біріктірді. Мәсіх өз денесін біз үшін құрбан еткенде, Таураттың өсиеттері мен ережелерін (орындауды құтқарылу жолы ретінде) күшінен айырды. Осылай Ол яһуди және басқа ұлттық сенушілерді Өзімен байланысқан бір жаңа халық етіп қайта жасап, өзара татуластырды. Мәсіх айқыштағы құрбандығымен екеуінің өштестігін жойып, бір рухани дене (біртұтас қауым) болып біріккен екеуін Құдаймен татуластырды.
Выбор основного перевода