Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Орман ағаштары қуана ән салады,Келе жатқан Иенің алдынан шығады,Себебі Ол келіп, жерге сот құрады. Өзендер қуана қол шапалақтасын,Таулар да бірігіп шаттана ән салсын Аспан, мұны істеген Тәңірді әнмен мадақта,Жер, сен де Оны дәріптеп шаттана айқайла,Шуылдап мақтаңдар, таулар, орман ағаштары да:Жаратқан Жақыптың әулетін құтқарып алды,Өз ұлылығын Ол Исраилде жар қылды! Содан Жаратқанның азат еткен халқыСионға ән шырқап қайта оралады,Олар мәңгі бақи мәз-мейрам болады,Қуаныш пен шаттыққа әбден толады.Қайғы-мұң атаулы бастарынан сондаЛезде алыстап кетеді біржолата. Таулар қозғалып, төбелер шайқалар, бірақ Менің сүйіспеншілігім сенен айнымас, сенімен амандық пен тыныштық жайлы жасаған Келісімім де шайқалмас!» — дейді саған рақымын төккен Жаратқан Ие. Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек.
Выбор основного перевода