Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол Исраилге деген мейірімін де,Сенімділігін де сақтайды есінде.Құдайымыздың құтқаруын көрдіЖер бетінің түкпірлеріндегілер де. Бүкіл жер жүзі, шаттанып айқайлаңдар,Жаратқанға қуана ән-жыр айтыңдар, Сонда бар адамзат көре аладыҚұдай Ие жіберген құтқаруды! — Халқымды Менің жұбатыңдар,Көңілін оның орнықтырыңдар! —Дейді сендер сиынған Құдай Иең. — Аспан, мұны істеген Тәңірді әнмен мадақта,Жер, сен де Оны дәріптеп шаттана айқайла,Шуылдап мақтаңдар, таулар, орман ағаштары да:Жаратқан Жақыптың әулетін құтқарып алды,Өз ұлылығын Ол Исраилде жар қылды! Бірақ Өзімнің қызметшімнің сөздерін іске асырып, пайғамбарларымның айтқандарын орындаймын. Мен Иерусалимге: «Жұрт сені қайтадан мекендейді!» деп уәде етіп, Яһуда елінің өзге қалаларына да: «Жаңадан салынасыңдар!» деймін. Иерусалимнің қираған ғимараттарын қайта қалпына келтіремін! Бабылдан тездетіп көшіп шығып, халдейлердің езгісінен құтылыңдар! Мына хабарды қуанышты үнмен жер шетіне дейін жариялаңдар: «Жаратқан Ие өз қызметшісін, Жақыптың үрім-бұтағын, азат етті!»
Выбор основного перевода