Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дегенмен олардың күнәсін кешіре гөр. Егер олай істемесең, онда (өз адамдарыңның есімдерін) жазып қойған кітабыңнан менің де есімімді сызып таста, — деп өтінді. Өмір кітабынан өшірші есімдерін,Әділдер тізіміне олар тіркелмесін. Елде жұрттың оннан бірі қалса да, олар да қайтадан жойылады. Алайда үлкен ағаштар кесіліп тасталғаннан кейін түбірлері қалатыны сияқты, халықтың Өзіме бағышталған тұқымы оның «түбірі» іспетті болып аман қалады. Сол кезде Исраил халқының тірі қалғандары өздерін талқандап, жойған одақтастарына енді қайтып сүйенбейтін болады. Керісінше, олар бұдан былай сенімдерін шын жүректен Жаратқан Иеге, Исраилдің Киелі Құдайына, артады. Дегенмен жындардың өздеріңе бағынғандығына емес, есімдеріңнің көктегі кітапқа тіркелгендігіне қуаныңдар.
Выбор основного перевода