Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жердің беті егінге тола берсін,Қырда дәнді сабақтары өсіп-өнсін,Олар Ливан орманындай сыңсып тұрсын,Қаланың тұрғындары да шөптей көбейсін. Сол кезде Исраил халқының тірі қалғандары өздерін талқандап, жойған одақтастарына енді қайтып сүйенбейтін болады. Керісінше, олар бұдан былай сенімдерін шын жүректен Жаратқан Иеге, Исраилдің Киелі Құдайына, артады. Кесілген ағаштың түбірі мен тамырларынан жас өркен өсіп шығады. Сол сияқты Есей ұлы Дәуіттің патшалық биліктен айырылған әулетінен шығатын бір ұрпақ күндердің күнінде қайтадан патшалық құрады. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Алдағы уақытта Мен Дәуіттің әулетінен бір «Әділ Өскінді» өсіріп шығаратын кез келеді. Ол патшалық құрып, даналықпен әрекет етіп, жерге әділет пен шындық орнатады. Сол заман туғанда Мен Дәуіттің әулетінен бір «Жас Өскінді» өсіріп шығарамын. Сол әділ Патша елде әділетті жүзеге асырып, әділдік пен шыншылдықты орнатады. Уа, бас діни қызметкер Ешуа және алдыңда отырған серіктестерің, тыңдаңдар! Сендердің барлығың болашақтағы кереметтің бейнесісіңдер. Біліп алыңдар: Мен Өзімнің «Өскін» деп аталатын Қызметшімді алып келемін. Оған былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Мынау — «Өскін» есімді адам. Ол өз орнынан өсіп-өрбіп, Жаратқан Иенің ғибадатханасын тұрғызатын болады. Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты.
Выбор основного перевода