Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен оған Әке боламын, ал ол Менің рухани ұлым болады. Егер ол жамандық істесе, оны басқа адамдар арқылы, олардың таяқтары арқылы жазалаймын. Алайда Тәңір Ие Сион тауы мен бүкіл Иерусалимге қарсы істеп жатқандарының бәрін бітірген кезде былай дейтін болады:— Мен Ассур патшасын өркөкіректеніп, паңдана қарап жүргені үшін жауапқа тартатын боламын! Исраил сиынған Киелі Құдай, оның жарық Нұры, лаулаған от пен жалынға ұқсап бір-ақ күнде Ассурдың тікенді бұталарын әрі жантақ, ошағанын өртеп жібереді: Уа, Жаратқан Ие, Ассурдың патшаларының сол халықтардың бәрін құртып, жерлерін қаңыратып бос қалдырғандары, Сол кезде Жаратқан Иенің періштесі ассурлық әскердің қосына барып, ондағы бір жүз сексен бес мың адамды қырып кетті. Таң ата тірі қалғандары тұрып қараса, солардың бәрінің өліктері жатыр екен! Сонда Ассур патшасы Сеннахирим жолға шығып, еліне кері қайтып, астанасы Ниневиде тұрып қалды. Бірде Сеннахирим Нисрох есімді жалған тәңірінің ғибадатханасында құлшылық етіп тұрған кезде оның ұлдары Адрам-Мәлік пен Сәресер оны семсермен шауып өлтірді. Содан екеуі Арарат еліне қашып кетті. Сеннахиримнің өзге ұлы Асардан әкесінің орнын басып патша болды. Азапталған күйлерінде олар Маған бет бұрып, өзара былай десетін болады: «Келіңдер, Жаратқан Иеге қайтадан мойынсұнайық! Ол бізді жарып, жарақаттап еді, енді жарамызды жазады. Ол бізді соққан еді, енді сол жерімізді таңады. Екі күннен кейін Ол бізге жан бітіріп, үшінші күні қайта тұрғызады. Сонда біз Оның көз алдында өмір сүретін боламыз. Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді!
Выбор основного перевода