Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сен осының барлығын Менің бұрыннан-ақ дайындап қойғанымды естімеп пе едің?! Енді Мен соны жүзеге асырдым. Содан да сен бекіністі қалалардың талқанын шығара алдың. Қираған қорғандары және сәулетті сарайларының қалдықтары қорқау қасқыр мен шибөрінің ұлыған даусымен жаңғырады. Иә, Бабылдың құритын уақыты таяп қалды, оның күні өтті! Бұл — Дамаск жайлы ауыр хабар:«Біліп қойыңдар, енді қайтып Дамаск қала болмайды, ол қиратылып, тау-төбе үйіндіге айналады. Ол өркөкіректерді төмендетеді,Солар тұрған зәулім қаланы күйретеді,Оны түгелдей жерге құлатады,Әрі оның күл-талқанын шығарады. Өйткені тұрғындары қорғанды тастап кетеді, халқы ығы-жығы мол қала да елсіз бос қалатын болады. Қамалы мен күзет мұнаралары әрдайым күл-талқан болып жатпақ. Бұл жер жабайы есектерге ұнап, отарлардың жайылымына айналады. Бабыл бір төбе үйіндіге, шибөрілердің мекеніне айналады. Содан басқалар аңтарыла жандары түршігіп, оны ысқырып табаламақ. Онда ешкім тұрмайтын болады.
Выбор основного перевода