Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие — қайнар көзі күш-қуатымның,Мадақтау жырларымды Оған арнай берейін.Ием мені құтқарып, алып қалды аман-есен.Жаратқан — Құдайым менің, Оны мадақтайын,Ол — әкемнің де Құдайы, даңқын асырайын! Құдай өтірік айтатын пенде емес,Ойын өзгерте беретін адам да емес.Ол айтса, сонысын іске асырмай ма,Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма? Жаратқанға айтыңдар жаңа әнді,Өйткені Ол кереметтер істеді,Киелі құдіретімен жеңіп шықты. Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін,Адамдарға істеген кереметтері үшін, Халықтар жиынында Оны дәріптесін,Ақсақалдар кеңесінде қастерлесін! Сен Құдайымсың, Саған мақтау айтамын,Сен Құдайымсың, даңқыңды асырамын. Бұл даналық та Әлемнің Иесінен келеді. Оның ақыл-кеңесі керемет, даналығы ғаламат!
Выбор основного перевода