Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бел тізе бүгіп, Небо да иіледі. Осы жалған тәңірлердің мүсіндері малдарға тиеліп, әкетіледі. Бұларды салтанатпен көтеріп жүретінсіңдер. Салмағы зілдей олар — шаршаған көліктерге ауыртпалық. Ұлттардың арасында мына хабарды жар салып, бәріне естіртіңдер; оны белгі беретін жалаудай көтеріп, әркімге де білдіртіңдер! Ештеңесін бүкпей жариялаңдар: «Бабыл жау қолына түседі! Оның тәңірсымағы Бел Меродах масқара болып, үрейге толады. Халық табынған тәңір мүсіндері аяқ асты болып, сындырылады. — Бабыл кенеттен жеңіліп, жау қолына түсіп, ойран болады. Оны жоқтап жылаңдар! Қиналғанын басатын май дәрі алдыртыңдар, мүмкін, сауығып та кететін шығар. — Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Мен Бабыл халқы табынатын тәңірсымақ Белді де жазалап, оны жалмап-жұтып қойғандарының бәрін құсып тастауға мәжбүрлеймін. Оған бұдан былай халықтар ағылып келмейтін болады. Бабылдың қабырғалары құлап, қала жермен-жексен болмақ. Екінші ерекше періште оған ілесіп мынаны хабарлады:— Ол құлады: Ұлы Бабыл қаласы құлады! Ол күллі халықтарға өзінің жынды қылатын «азғындығының шарабынан ішкізіп» келді! — Періште қатты дауыспен былай деп жариялады: «Ол құлады! Ұлы Бабыл құлады! Ол жындардың ордасы, әр алуан арам рухтардың ұясы болды. Бұдан былай арам, жексұрын құстардың барлық түрі оған қоныстанбақ. Олар Бабылдың көрген азабынан зәрелері ұша қорқып, қашықта тұрып былай деп жоқтамақ:«Ой, бауырым, басыңа қаралы күн туды! Ұлы, күшті Бабыл қаласы! Бір-ақ сағат ішінде үкімің кесіліп, іске асты!»
Выбор основного перевода