Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұнан кейін ағалары тамақтану үшін жерге жайғасты. Сол кезде төңіректеріне көз тастап, Ғилақад маңынан келе жатқан ысмағұлдық саудагерлер керуенін көрді. Мысырға бет алып бара жатқан олар түйелеріне иісмай жасайтын құнды шайыр, май дәрі және мүр деген хош иісті зат тиеп алған еді. Құштың ұрпақтары: Себа, Хауила, Сабтах, Рахама, Саптеха. Рахаманың ұрпақтары: Сәба, Дедан. Ыбырайымның кәнизагы Кетурадан көрген ұлдары: Зимран, Жоқшан, Медан, Мадиян, Ишбақ, Шуах. Жоқшанның ұлдары: Сәба, Дедан. Амос ұлы Ишая Бабыл қаласы туралы көрініс көріп, мына ауыр хабарды алды: Дедан, Тема, Буздың халықтарына, шалғайда тұратын бүкіл көшпенділерге, Бабыл патшасы Набуходоносор шабуыл жасамақ болған Қидар және Хасор аймағындағы патшалықтар туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: «Уа, Бабыл әскері, жиналып, Қидарға өрлеп аттаныңдар, шығыстағы тайпаларға бас салып, тонаңдар!
Выбор основного перевода