Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп ал, сен сүйеніп келген Мысыр сынық қамыс іспетті. Егер адам сынық қамысқа сүйенсе, сол оның қолына кіріп, алақанын тесіп шықпай ма? Сол сияқты, Мысыр патшасы перғауын да өзіне сүйенгендердің бәріне осылай істейді. Алайда перғауынның қорғанышы оларға ұят келтірмек, Мысырдың саясын паналау оларды масқараға ұшыратпақ. сол елге сенім артқандардың барлығы да ұятқа қалады. Перғауыннан ешқандай көмек пен пайда таппаған олар масқараға қалады». оның көрсететін көмегі еш пайдасыз. Сондықтан Мен оны «тыныш отыратын айдаһар» деп атаймын. Сонда Мысырдың барлық тұрғындары Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.Сен Исраил елі үшін қамыс таяқ іспетті қауқарсыз болдың. Исраил сені қолына ұстап сүйенгенде, сен быт-шыт болып, жаңқаланып, оның қолтығына қадалып жарақаттадың. Иә, Исраил өзіңе тіренгенде сен сынып қалдың. Сонда оның буыны шығып кетіп, мертікті».
Выбор основного перевода