Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Анон Дәуіттің қызметкерлерін тұтқындап, әрқайсысының сақалын жартысына дейін қырқып, шапандарын белдеріне дейін қысқартып қиып тастады. Мұнан кейін оларды кері қайтарып жіберді. Содан Жасаған Ие Сионның қыз-келіншектерін жазалайды: Жаратқан Ие олардың бастарына жара қаптатып, таз қылады. Мен мысырлықтарды қатыгез қожайынның қолына табыстаймын, сол қайырымсыз патша оларға үстемдік жүргізетін болады». — Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие осыны нық айтады. Осының бәрі менің басыма неліктен түсті деп іштей толғансаң, біліп қой: Жасаған ауыр күнәларыңның кесірінен жауыңның сені зорлап, абыройыңды төгуіне жол берілді. Сондықтан да абыройыңның төгілуіне Өзім түрткі боламын. Шафирдің тұрғындары, жалаңаштанып масқара болып, жер аударылып кетіңдер! (Яһудадағы) Сананда тұратындар қорқып далаға шықпайды. Бет-Еселдегілер: «Оның қорғауы сендерден алынып қойылды-ау!» — деп жоқтау айтады.
Выбор основного перевода