Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай әділдікті бұрмалайтын ба еді? Құдіреті шексіз Тәңір дұрысты бұрыс қылатын ба еді? Құдіреті шексіз Тәңір біз жете алмайтындай бәрінен жоғары. Ол өте күшті де әділ, ешкімді езгіге салмайды. Мен Өзіңе қарсы күнә жасадым,Сенің көз алдыңда зұлымдық істедім.Осылай әділ Сенің айтқандарың,Мүлтіксіз де маған жүргізген сотың. Олар Құдайдың қызметшісі Мұсаның жырын және Тоқты жөніндегі жырды айтып тұрды:«Уа, Құдай Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі,Сенің істерің керемет те ұлы!О, халықтардың мәңгілік Патшасы,Сенің жолдарың әділ де шынайы! Уа, Жаратқан Ие, кім Сенен қорықпас,Есіміңнің ұлылығын кім даңқтамас?Сен ғана толықтай қасиеттісің!Бар ұлттар келмек алдыңа Өзіңнің,Бас ұрып мақтайды даңқыңды Сенің,Себебі ашылды әділ үкімдерің!»
Выбор основного перевода