Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жұрт терең ұйқыға батып, төсектерінде жатқанда, Тәңір Ие олардың түстерінде, түнде көрген аяндарында құлақтарын ашып, Өзінің ескертулерін нығайтып бекітеді. Осылайша Ол адамды теріс істерінен кері бұрылдырып, өркөкірек паң болудан қорғайды. Сөйтіп оны семсерден мерт болудан, әрі жанын о дүниеде құрып кетуден сақтайды. Я болмаса, адам ауру-сырқау арқылы жақсылыққа қарай түзетілуге ескерту алады. Ол төсек тартып жатып қалады да, сүйектері тынымсыз сырқырай бастайды. Сонда оның нанға зауқы болмай, жақсы көретін тамағына да тәбеті шаппайды. Жүдеп, құр сүлдері ғана қалады. Бұрын көрінбеген сүйектері енді көзге ұрып тұрады. Осылайша ол көрге, жанын алып кететін хабаршыларға жақындай түседі. Ал егер мыңның ішінен адамға болысып, оған әділ жолды нұсқайтын бір хабаршы табылса, онда ол: «Оны көрге түсуден аман сақтап қала гөр! Оның жанының құнын өтейтін төлемді таптым!» деп мейірім көрсететін болады. Сонда адамның денесі жас кезіндегідей болып жасарып, жастық шағындағыдай қайта қалпына келеді. Пенде Құдайға сиынып, еткен дұғасы қабылданады. Осылай ол қуанышпен Құдайдың алдына барып, адалдығы қайтадан ақталады. Сонда адам жұртқа қарап былай деп мойындайды: «Мен күнә жасап, ақиқатты бұрмаладым. Әйтсе де мұнымның лайықты жазасын тартқан жоқпын. Құдай мені көрден аман алып қалып, мен жарық дүниені әлі де көре беретін боламын!» Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын:«Күшсіз жанды күштіден қорғайтын,Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтынСаған кім тең келер, уа, Жаратқаным?» Мен азап шекпес бұрын жолдан адасқан едім,Ал енді Сенің сөзіңді сақтап жүремін. Үйренуім үшін жарлықтарыңды,Азап шеккенім маған жақсы болды. Осы әлем түгелдей Менің қолымнан шығып, пайда болды емес пе?! — деп ескертеді Жаратқан Ие.Ал Мен көз қырымды салатындар: күнәларына шын жүректен өкініп, сөзімді терең қастерлеп, іске асыратындар.
Выбор основного перевода