Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол күні түн ортасында Жаратқан Ие Мысырдағы барлық тұңғыштарды — тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап, түрмеде жатқан тұтқынның тұңғыш ұлына дейін және мал атаулының тұңғыш төлдерін де өлтірді. Тәңір жауға діни қызметкерлерді жалаң аяқ айдатып әкеткізеді, билік иелерінің астан-кестенін шығарады. Зұлымдар өмір бойы молшылықта болып, жер қойнына қиналмай-ақ аттанады. Қорқыныш олардың басына топан судай қаптап, түнгі дауыл оларды іліп алып кетеді. Халқымның кінәсі асып түсті Содомдікінен,Ол кенет күйреп, ешкім де қол ұшын бермеген. Әлгі патша асқан ақылдылықпен алдамшы жоспарларын жүзеге асырып, асқақтап мақтанатын болады. Патша алаңсыз отырған көптеген адамды қырып-жойып, тіпті әміршілердің Әміршісі — Құдайдың Өзіне қарсы бас көтереді. Алайда ол құритын болады, бірақ құруы адам баласының қолынан болмайды.
Выбор основного перевода