Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Ием, тұрақты — Сенің рақымың,Әркімге лайықтысын ісіне сай қайтарасың. «Біздер білген жоқпыз» дейсің бе?Жүрек түкпірін сынайтынЖаратқан шындықты білмей ме?Ұдайы жаныңды бақылайтынТәңір Ие білмей қалар дейсің бе?Ісіне қарап әрбір жанныңҚарымтасын Ол береді де. Мен, Жаратқан Ие, адамның жүрегіндегісін зерттеймін, оның жан дүниесін анық тексеремін. Содан әркімге жасаған қылығына, істеген істеріне қарай есесін қайтарамын. Бірақ сендер сонда да: «Тәңір Иенің осылай істегендері әділ емес!» деп қарсылық білдіріп жатырсыңдар. Уа, Исраил халқы, Мен сендердің әрқайсыңа істеген істеріңе сәйкес үкім шығарамын!» Себебі Мен періштелерімді ертіп Әкемнің салтанатты ұлылығымен Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезімде әркімге істеген істеріне қарай сыйын беремін. (Киелі жазбада мына тәрізді сөздер жазылған:) Құдай әркімге істеген ісіне қарап қарымтасын қайтаратын болады. Барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, әшкереленуге тиіспіз ғой. Сонда әрқайсымыз тәндік өміріміздегі іс-әрекетіміздің жақсы-жамандығына қарай лайықты бағамызды алатын боламыз. Сендер әр адамды бет-жүзіне қарамай әділ соттайтын Құдайға «Әкем» деп сиынасыңдар. Ендеше жер бетінде жат жерлік болып сүретін өмірлеріңді Оны терең қастерлеп, Оған ұнамайтынды істеуден шошынып өткізіңдер! Иеміз Иса маған тіл қатып:— Тыңда, Мен жуырда келемін! Әркімге ісіне қарай беретін сыйымды Өзіммен бірге ала келемін.
Выбор основного перевода