Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Теңіз пайда бола салысымен дүлейлене жөнелгенде оны қақпалармен қоршап, шектеп қойған кім еді? Сол кезде Мен теңізге бұлттарды киім, қара түнекті жөргек еттім, қақпалары мен ысырмаларын орнатқандай оның шекараларын белгілеп қойдым. Оған: «Мына шектен асуыңа болмайды, тәкаппар толқындарыңның тоқтайтын жері осы!» деп бұйырғанмын. Нұрдың мекеніне апаратын жол қайда? Ал қара түнектің тұрағы қайда? Оларды өз қоныстарына апара алар ма едің? Соларға қалай жетуге болатынын білесің бе? Нұрдың шашырайтын жолы әрі шығыс желінің жер бетіне шашырай соғатын жолдары қайда? Сонда болдым Ол аспанды орнатқанда,Теңіздің бетінде көкжиекті сызғанда. Теңіз суының ауқымын шектегенде,Өз еркінен тыс тасытпай тежегендеӘрі дүниенің негізін белгілегенде, Мені неге қастерлемейсіңдер? — дейді Жаратқан Ие. — Менің алдымда неге қорқып дірілдеп тұрмайсыңдар? Теңіздің шетін құм төбелермен шектеп көмкердім. Соларды теңіз ешқашан өте алмайтын шекара етіп қойдым. Толқындар қанша буырқанып, толқыса да, Мен белгілеп қойған шектерінен өте алмайды.
Выбор основного перевода