Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күшім судай төгіліп, таусылды құрғап,Сүйектерім буынынан қалды босап.Кеудемде жүрегім балауыз құсапӘбден балқып, елжіреп кетті босап. Әрине, басына қашан күн туатынын пенде білмейді ғой. Адам баласы ауға түскен балықтай, тұзаққа шырмалған құстай күтпеген жерден бақытсыздыққа ұшырайды. Әлемнің Иесінің сот жүргізетін сол күні күллі мақтаншақтар мен тәкаппарлар, өзін-өзі дәріптеуші әркім де масқараланып төмендетіледі! Алайда осы күн — Әлемнің Әміршісі Жаратқан Иеге тиесілі күн! Ол сол күні өз жауларын қатаңдықпен соттап, оларға лайықты жазаларын тартқызады. Семсер тойғанша, шөлін қанға қандырып болғанша жалмай беретін болады. Өйткені Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие сол жауларды солтүстіктегі жерде Евфрат өзенінің бойында құрбандық шалғандай қырып тастайды. Жаратқан Иенің күні таяп қалды. Бұл қандай қасіретті күн болмақ! Сол күні құдіреті шексіз Құдай елді талқандамақ. Сионда керней тартыңдар, киелі тауымда дабыл қағыңдар! Бүкіл елдің халқы қорқып қалтырасын, өйткені Жаратқан Иенің күні келеді, міне, ол таяп та қалды! Уа, «Жаратқан Иенің соты күні келсе екен!» деп аңсайтындар, сендер қасіретке қаласыңдар! Жаратқан Иенің күні сендерге не үшін керек? Оның алып келетіні нұр емес, қара түнек қой!
Выбор основного перевода