Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халықты құртушылардың мекенінде әлі де тыныштық. Олар Құдайды қаһарландырып келеді, бірақ Ол соларды Өзінің құдіретті қолында ұстайды. Күнәкарлардың өркендеуін көрдім,Менмендерге қызғана қарай бердім. Бейқам болып осы арам пиғылдыларМолынан жинайды байлықтар. Зұлымдар қазір жерді шөптей қаптайды,Заңсыздық істейтіндер өркендейді,Ал кейін олар мәңгілікке құриды. Дүниеде тағы мынадай бір ақылға қонбайтын жайт та бар: зұлымдарға тиісті жазаны кейде әділ адамдар тартады, ал әділдерге тиісті сый-құрметке зұлымдар ие болады. «Бұл шынымен ақылға сыймайды» деймін. — Уа, Жаратқан Ие, мен дауымды алдыңа салғанда, Сен әрқашан әділсің. Ал енді осы мәселелер жайлы Өзіңмен сөйлеспекпін: неліктен зұлымдардың өмірі табысты? Неліктен опасыздар алаңсыз жүріп өркендейді? Сен көшет іспетті елге отырғызған олар тамыр жайып, өсіп-өнуде. Олар ауыздарымен атыңды атай береді, бірақ жан дүниелері Сенен тым алыс. Ал Сенің көздерің зұлымдыққа қарауға тым пәк, озбырлыққа қарап тұра алмайсың. Ендеше неге сол опасыздарға жол бересің? Осы зұлым жау өзінен әділірек басқаларды жалмап жеп жатқанда, Сен неге үндемейсің? Сондықтан Бабыл ауына құрбандық шалып, торына табынып хош иісті зат түтетеді. Өйткені солар арқылы олжаға кенеліп, майлы тамаққа тойынады. Сендер былай дедіңдер: «Құдайға қызмет ету құр бекершілік! Әлемнің Иесінің талаптарын орындап, Оның алдында қасірет шеккен адамдар сияқты болып жүргенімізден бізге не пайда болды? Қайта, бұдан былай өркөкіректерді жарылқанған деп есептейміз. Расында зұлымдықпен шұғылданушылар табысқа кенеліп, Құдайды еркінсіп сынап келгендер аман-есен жүр ғой!» дейсіңдер.
Выбор основного перевода