Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай қаһарланып, жазалайтын күні тасыған өзен зұлымның үйіндегі бар өнімін ағызып әкетіп, жоқ қылады. Сен зұлымдарды тайғақ жолға түсіресің,Биіктен құлатып, жойып жібересің. Олар күтпеген жерден талқандалады,Зәрелері ұшып, жойылып, жоғалады. Жаратқан Ие бәрін де өз мақсатына сай жасар,Арамзаны Ол апатты күнге қалдырар. Бұл солай болғанда, Жаратқан Ие Өзіне ұнамды өмір сүретіндерді өтіп жатқан сынақтарынан құтқаруды, ал әділетсіздерді қиямет соты болатын күнге дейін сақтап, жазалауды, әрине, біледі. Бірақ сен жүрегіңді қасарыстырып теріс жолдан қайтудан қыңырлана бас тартасың. Осылай Құдайдың қаһары төгіліп, әділ үкімі жарияланатын күні өзің тартатын жазаңды ауырлатасың.
Выбор основного перевода