Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол буынның күллі адамдары дүние салып, ата-бабаларының қасына жөнелгеннен кейін, Жаратқан Иені танымайтын және Оның Исраил үшін істеген ұлы істерін ескермейтін жаңа ұрпақ дүниеге келді. Құдайдың зұлымдарға белгілеген тағдыры осындай, Тәңірдің оларға бұйырған «мұрасы», міне, осы. «Бұлар тілдерін садақтай иіп, өтірікті жебедей боратады. Өтіріктің арқасында олар елге өктемдік жасап, зұлым іс-әрекеттерін жалғастыруда. Ал Мені тіпті танып мойындамайды да, — дейді Жаратқан Ие. — Құдайды танымайтын ұлттарға ұқсап күнәлі құмарлықтарға салынбаңдар, Сонда Ол Құдайға менсінбей, Иеміз Исаның Ізгі хабарына құлақ аспай жүргендерді жазаламақ.
Выбор основного перевода