Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал араларыңнан тірі қалғандарыңды Мен жауларыңның елінде жүрген кездеріңде жүрексіз үргелек етемін. Сонда сендер тіпті жапырақтың сыбдырынан да шошынып қашатын боласыңдар. Ешкім қумаса да, дұшпанның семсерінен бас сауғалағандай қашып, содан сүрініп құлайсыңдар. Олардың құлақтарына үрейлі дауыстар естіледі. Тыныштық кезінде-ақ оларға құртушы келіп шүйіледі. Соның жылтыраған ұшы денесін тесіп өтіп, арқасынан шыға келмек. Сондықтан ол өлімнен қорқып, зәресі ұшады. Қорқыныш олардың басына топан судай қаптап, түнгі дауыл оларды іліп алып кетеді. Далаға шықпаңдар, жол жүрмеңдер! Өйткені жаудың семсері бар, айналдыра бәрі де қорқыныш. Келесі күні Пашхур оны бұғаудан босатқан кезде Еремия оған былай деді: «Жаратқан Ие сенің атыңды енді Пашхур емес, Магор-Миссабиб («Жан-жақ толған қорқыныш») деп өзгертті.
Выбор основного перевода