Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Жаратқан Ие: «Енді Менің Рухым әрдайым адам үшін арпалысқа түспейді, себебі адам әбден бүлінген. Сондықтан ол бұдан былай жүз жиырма жыл ғана өмір сүрсін», — деді. Жаратқан Ие адамдардың жер бетінде әбден азғындыққа салынғанын көрді: олардың жүректеріндегі барлық ой-ниеттері әр уақытта зұлымдыққа бейім болды. Егер олар Сенің алдыңда күнә жасаса, себебі күнә жасамайтын пенде жоқ, әрі Сен оларға қаһарланып, жау қолына бере салып, жау оларды өзінің не алыс, не жақын бір еліне айдап әкетсе, Егер олар Сенің алдыңда күнә жасаса, себебі күнә жасамайтын пенде жоқ, әрі Сен оларға қаһарланып, жау қолына бере салып, жау оларды не алыс, не жақын бір елге айдап әкетсе, Арам адамнан адал нәрсені кім шығара алады? Ешкім де! Сонда адам баласы Құдайдың алдында қалайша әділ бола алады? Әйелден туған пенде қалайша таза бола алар еді? Тіпті ай да Оның алдында жеткілікті жарық емес, жұлдыздар да айқын емес! Салыстырсақ, пенде жай жер құртына ұқсайды, адам баласы тек күйе құрты сияқты. Мен күнәкар болып дүниеге келдім,Құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім. Жүрегімді таза ұстап, күнәсіз жүрдімДеп тайсалмай айта алар еді кім? Шындығында жер бетінде әрдайым жақсылық жасап, ешбір күнә жасамайтын әділ адам жоқ. Егер «күнәсізбіз» десек, онда өзімізді алдап, бізде шындықтың болмағаны. Ал егер «еш күнә жасаған жоқпыз» десек, Құдайды өтірікші етіп көрсетеміз, әрі Оның сөзі жан дүниемізден орын алмағаны.
Выбор основного перевода