Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Миқая сөзін жалғастырып былай деді:— Сондықтан Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңыз! Мен Өзінің тағында отырған Жаратқан Иенің аянын көрдім. Көктегілердің бүкіл тобы Оның оң және сол жақтарында тұрды. Еліше Ілиястан қайтып келіп, екі өгізді шалып, мойынтұрығы мен соқа-сайманын отын етіп жағып, соған етті пісіріп, жұртына үлестіріп берді, олар соны жеді. Содан кейін Еліше Ілиястың соңынан еріп кетті. Енді ол Ілиясқа қызмет ететін болды. Әзәзіл шайтан Исраилге қарсы шығып, Дәуітті Исраилді санақтан өткізуге түрткіледі. Уа, Жаратқан, көкте даңқталар кереметтерің,Қасиеттілер жиынында — өз беріктігің. Бұдан кейін періште маған Жаратқан Иенің періштесінің алдында тұрған бас діни қызметкер Ешуаны көрсетті. Ал шайтан Ешуаны айыптау үшін оның оң жағында тұрды. Сақ болыңдар, осы кішкенелердің бірде-біреуін менсінбей жүрмеңдер! Сендерге айтамын: олардың періштелері көктегі Әкемнің келбетін әрдайым көріп тұрады. Осылайша алып айдаһар — бүкіл әлемді алдап келген әзәзіл әрі шайтан есімді, ежелден бері келе жатқан жылан көктен қуылып, бүкіл хабаршыларымен қоса жер бетіне лақтырылды. Содан кейін мен көктен шыққан қатты дауысты естідім. Ол былай деді:«Енді Құдай (Өзінің халқын) құтқарды! Ол құдіретін көрсетіп, патшалық етіп, билік жүргізеді. Оның тағайындаған Патшасы Мәсіх өктемдік етеді! Ал Құдай алдында күні-түні бауырластарымызға жала жауып келген шайтан көктен лақтырылып тасталды.
Выбор основного перевода