Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде Жаратқан Ие Содом мен Ғомораның үстіне аспаннан от аралас күкірт жаудырып, Сол себепті Жаратқан Иенің алдынан бір от лап етіп шығып, оларды жалмап қойды. Осылайша олар сол жерде Жаратқан Иенің алдында өлді. Ал халық Жаратқан Иенің алдында ауыртпалықтарға шағымдана берді. Мұны естіген Жаратқан Иенің қаһары лаулап, Оның қасынан от лап етіп шықты. От халықтың арасына түсіп, ел қонысының шетін жалмап өртеп жіберді. Сонда халық Мұсаға айқайлап жалбарынды. Мұса Жаратқан Иеге сиынып мінажат еткенде от басылды. Жаратқан Иенің оты халықтың арасында жанып өртегендіктен, сол жер Табера (демек, Өрт) деп аталып кетті. Ілияс оған жауап беріп:— Егер мен Құдайдың адамы болсам, аспаннан от түсіп, сені елу жауынгеріңмен қоса жалмап қойсын! — деді. Сонда аспаннан от түсіп, оның өзін де, елу адамын да жалмап қойды. Енді патша басқа бір елубасын елу жауынгерімен бірге жіберді. Елубасы Ілиясқа бұйырып:— Ей, Құдайдың адамы! Патша саған: «Тез төмен түсіп, өзіме кел!» деп әмір етті, — деді. Ілияс жауап беріп:— Егер мен Құдайдың адамы болсам, аспаннан от түсіп, сені елу жауынгеріңмен қоса жалмап қойсын! — деді. Сонда аспаннан от түсіп, оның өзін де, елу адамын да жалмап қойды. Залымдарға жаудырады жанған көмірдіӘрі жазалау үшін лаулаған күкіртті,Қоса жібереді күйдіріп өртейтін желді.
Выбор основного перевода