Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Бәрі бұрынғыдай, Құдай мені аман сақтап жүрген кездердегідей болса ғой, шіркін! Сол жылдары Оның «шам-шырағы» үстімде жарқырап, Оның түсірген нұрымен түнекте адаспай жүретінмін. Сол тұста мен өмірімнің өркен жайған шағында едім, әрі Құдай үйіме бас-көз болып ақыл-кеңес беретін. Құдіреті шексіз Тәңір маған сол кезде әлі де жар болып, балаларым қасымда жүретін. Үйімде ақ пен май ағыл-тегіл болып, жартастағы сыққыштан зәйтүн майы тасқындап ағып тұратын. Байлығымның молдығына әрі ағыл-тегіл дәулетке қол жеткізгеніме лепіре мақтандым ба? Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрадыОның періштесі, ол соларды құтқарады. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Иені қастерлейтін,Оның жолдарымен жүретінӘрбір адам қандай бақытты! Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің,Құдай сені жарылқап, өркендейсің.
Выбор основного перевода