Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Ертеңгісін руларың бойынша кезекпен алға шығыңдар! Сонда Жаратқан Ие нұсқаған ру өзінің әулеттері бойынша алға шықсын. Бұдан кейін Жаратқан Ие нұсқаған әулет өзінің отбасылары бойынша алға шықсын. Соңында Жаратқан Ие көрсеткен отбасының мүшелері кезекпен алға шықсын. Самуил Исраилдің барлық руларының басшыларын алға шығарғанда, Бунямин руы таңдалды. Саул Исраилдің Құдайы — Жаратқан Иеге сиынып: «Анық білдірте көр», — деп өтінді. Жеребе тасталып, ол Жонатан мен Саул жаққа түсті, ал сарбаздары ақталып шықты. Саул: «Енді жеребені ұлым Жонатан екеуімізге салыңдар!» — деп бұйырып, жеребе Жонатанға түсті. Лақтырған жеребең алдыңа түсер,Оның шешімін Жаратқан Ие берер. Олар екеуіне жеребе салғанда, жеребе Матияға түсті. Осылайша ол он бір елшінің қатарына қосылды.
Выбор основного перевода