Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
філістірлер абыз-көріпкелдерін шақырып, оларға:— Жаратқан Иенің сандығымен не істеуіміз керек? Оны өз орнына қалай қайтаруға болатынын айтыңдаршы? — деген сауал қойды. Әлгілердің жауабы мынау болды:— Исраилдің Құдайының сандығын қайтарамыз десеңдер, оны құр жібермей, айыптарыңды өтейтін сый-тартумен қоса қайтаруларың керек. Сонда ауруларыңнан айығып, Жаратқан Иенің құдіретті қолының өздеріңді неліктен жазалап келгенін ұғарсыңдар. — Халық:— Оған айыпты өтейтін қандай сый-тарту жіберу керек? — деп сұрады. Абыз-көріпкелдер былай деп жауап берді:— Өздерің мен әміршілерің бірдей індетке ұшырағандықтан, әміршілердің санына сәйкес етіп бес-бестен алтын шиқанды ісік пен алтын тышқан мүсіндерін жіберіңдер! Ісіктердің және елдеріңді ойрандап жатқан тышқандардың алтын мүсіндерін жасатып, Исраилдің Құдайының даңқты ұлылығын мойындаңдар! Мүмкін, Ол сонда өздеріңді, тәңірлерің мен елдеріңді осылай ауыр жазалауын доғарар. Олар қатты үрейленіп, бір-біріне: «Тіпті жел мен көл де бағынатын Бұл кім Өзі?» — деп таңғалысты.
Выбор основного перевода