Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Теңіз толқынының гүрілін тыншыттың,Халықтардың шуылын тыныштандырдың. Уа, Ием, буырқанған теңізге билік айтасың,Көтерілген толқындарын тыншытасың. Ол дауылды басып, саябырсытты,Теңіздің толқындарын да тыншытты. Жүністің үш күн, үш түн дәу балықтың ішінде жатқаны сияқты, көктен келген Билеуші де жер қойнында үш күн, үш түн жататын болады. Екеуі қайыққа мінгенде жел де басылды. Шәкірттері Исаға жақындап, Оны оятып:— Ұстаз! Ұстаз! Құритын болдық! — деп айқайлады. Иса орнынан тұрып, жел мен толқындардың долдануына тыйым салды. Олар басылып, тыныштық орнады.
Выбор основного перевода