Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие оларды Исраилдің қолына тапсырып, исраилдіктер оларға күйрете соққы берді; оларды үлкен Сидон қаласына дейін, әрі Мисрепот-Майымға және шығыстағы Миспа аңғарына дейін қуып барып, бірде-бір тірі жан қалдырмай қырып-жойды. Қараңдаршы, (шығыстағы) Иордан өзенінен батыстағы Жерорта теңізіне дейінгі аралықта әлі де қалып қойған мына халықтардың жерін және өзім елден аластатқан халықтардың жерін сендердің руларыңа жеребе бойынша үлестіріп бердім. Құдай Иелеріңнің Өзі елде қалып қойған халықтарды алдарыңнан қуып шығарады. Сонда Құдай Иелерің уәде еткендей, сендер олардың жерін иемденіп аласыңдар. Мен де енді Ешуа елден қуып шығармаған ұлттардың ешқайсысын исраилдіктердің алдарынан қуып шығармаймын. Осылайша Мен арғы аталары істегендей, қазіргі ұрпақ та Жаратқан Иенің жолымен жүре ме деп тексеріп сынаймын». Осы себептен Жаратқан Ие сол ұлттарды Ешуаның қолына тапсырған да жоқ, тездетіп қуып шығарған да жоқ; қайта, олардың елде қалуларына жол берді.
Выбор основного перевода