Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Һаронға тағы былай деді: «Сендерге, діни қызметкерлерге, елден мұралық аймақ бөлінбейді, халық арасында сендерге тиер үлес те жоқ. Исраилдіктердің арасындағы сендердің үлестерің де, мұраларың да Менмін. Мен Леуі руына кездесу шатырында атқаратын қызметтері үшін алатын мұралық үлестері ретінде Исраилдегі барлық өнімнің он бөлігінің бірін бердім. Бұдан былай өзге исраилдіктер киелі шатырға тым жақындап келмесін! Әйтпесе олардың күнәсі мойындарында болып, өлім құшады. Кездесу шатырындағы қызметтерді леуіліктер атқарсын. (Егер міндеттерін ұқыпсыз атқарса) оған өздері айыпты болады. Бұл келер ұрпақтарың үшін де тұрақты ереже.Исраилдіктердің арасынан леуіліктер мұралық үлес алмайды. Себебі Мен леуіліктерге исраилдіктер жинаған өнімдерінің Маған сый-тарту ретінде ұсынатын он бөлігінің бірін сыйладым. Сондықтан Мен Леуі руы жайлы «Исраилдіктердің арасынан леуіліктер мұралық үлес алмайды» деген едім». Содан соң Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: «Леуіліктерге мынаны айт: Мен сендерге мұралық үлестерің ретінде сыйлаған он бөліктің бірін исраилдіктерден қабылдағанда, өздерің де сол алғандарыңның он бөлігінің бірін Маған көтеріп ұсынатын тартуларың ретінде бағыштаңдар. Яғни он бөліктің бірінің он бөлігінің бірін беріңдер. Сендердің бұл тартуларың қырманда бастырған астық немесе жүзім сыққыштан алынған жүзім шырынының алғашқы өнімдері іспетті саналады. Осылайша исраилдіктерден өнімдерінің он бөлігінің бірін қабылдайсыңдар, ал соның он бөлігінің бірін Маған көтеріп ұсынатын тарту ретінде бағыштайсыңдар. Маған тиісті осы бөлікті сендер діни қызметкер Һаронға табыстауларың қажет. Өздеріңе жасалатын барлық тартулардың ең таңдаулы да киелі бөлігін Маған, Жаратқан Иеге, арнап көтеріп ұсынуларың керек. Сондықтан леуіліктерге былай де: Сендер барлық тартулардың ең таңдаулы бөлігін Маған бағыштап ұсынғанда, ол сендердің өз қырмандарыңның немесе өз жүзім сыққыштарыңның өнімі ретінде саналады. Оның қалған бөлігін өздерің және үй іштерің кез келген жерде жей аласыңдар. Себебі ол кездесу шатырында жасайтын қызметтеріңнің ақысы. Оның ең таңдаулы бөлігін Маған көтеріп ұсынған болсаңдар, айыпты болмайсыңдар. Сонда сендер исраилдіктердің киелі тартуларын арамдаған болып шықпайсыңдар. Әйтпесе өлімге душар болар едіңдер». Леуіліктердің бауырлас рулардың арасында мұралық үлестері болмайды. Жаратқан Иенің оларға уәде еткеніндей, олардың «мұралық үлесі» Оның Өзі болады.
Выбор основного перевода