Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдіктер Сихонның жасағын семсердің жүзімен қырып-жойып, Арнон өзенінен Ябок өзеніне дейінгі аралықтағы оның жерін иемденіп алды. (Ябоктың арғы жағындағы) аммондықтардың шекарасы бекіністі болғандықтан, олар тек соған дейін барды. Сонымен исраилдіктер Ог патшаны, оның ұлдарын және бүкіл жасағын бір адамын да тірі қалдырмай қырып тастап, жерлерін иемденіп алды. Алып Рафаның ұрпақтарынан (сол жерде) жалғыз Ог патша ғана тірі қалған болатын. Оның темірден жасалған төсегінің ұзындығы тоғыз, ені төрт кәдімгі шынтақ болды. Сол төсек әлі де аммондықтардың Рабба қаласында сақтаулы тұр. Ғилақад аймағының қалған бөлігін және Ог патшалық құрған бүкіл Башан аймағын Манаса руының жартысының үлесіне бердім. — Башандағы бүкіл Арғоп аймағы бұрын «рафалық алыптардың елі» деп аталатын.
Выбор основного перевода