Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Пендем, бет-жүзіңді Сидон қаласына қарай бұр да, оған қарсы Менің хабарымды жариялап былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп ал, ей, Сидон, Мен саған қарсы шығамын! Сенің араңда құрмет-даңқым шығатын болады! Саған шығарған үкімімді жүзеге асырып, Өзімнің киелілігімді аян еткенімде, соны көргендердің бәрі Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. Себебі Мен Сидонға жұқпалы індет пен қантөгіс жіберемін, сонда көшелерінде қан судай ағатын болады. Семсерлі жау Сидонға жан-жақтан тап беріп, тұрғындары қаланың ортасында шабылып, құлап жатады. Мұны көргендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». Гомер мен оның қалың қолы да, солтүстіктің шалғай түкпірінен үлкен әскерімен келген Бет-Тоғарма да, көптеген басқа халықтар да сенің қасыңда болады. Солтүстіктің шалғай түкпіріндегі өз орныңнан артыңнан ерген көптеген халықпен: үлкен атты әскермен, қалың қолмен аттанасың. Сені кері айналдыра бұрып, Өзім белгілеген бағытқа қарай жетелеймін. Сөйтіп өзіңді солтүстіктің шалғай түкпірінен алып шығып, Исраилдің таулы еліне қарсы аттандырамын.
Выбор основного перевода