Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда сүндеттелмеген жат жерліктердің қолынан арам өлесің. Мен осыны нық айтамын», — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. «Ей, пендем, Мысыр патшасы перғауынға және оның шулы әскеріне мынаны жеткіз:Сенің ұлылығыңмен кім теңесе алады? Құдайдың бағындағы өзге самырсындар онымен теңесе алмас еді, қарағайлардың бұтақтарын да онікімен салыстыруға болмайтын. Оның бұтақшаларымен салыстырғанда шынар ағаштары түк емес болатын. Құдайдың бағындағы ешбір ағаштың көркі онікіне тең келе алмас еді. Мен сол самырсынға көптеген бұтақ беріп, оны соншама көрікті қылдым. Құдайдың Едем бағында өскен барлық басқа ағаштар оны қызғанатын. Сонымен су бойында өсіп, төбесі бұлттарға дейін жетсе де, ешбір «ағаш» заңғар боп асқақтап кетпесін! Себебі пенделердің бәріне де ажал төніп, ақыр соңында олар ең қарапайымдармен бірге қабірге түседі». Оларға былай де:«Ей, Мысыр, сенің көркің басқалардікінен асқан ба? Жоқ, төмен түс те, әділетсіздермен бірге жатып тыныштал!» Мысырлықтар семсерден қаза тапқан көптеген адамдардың арасында о дүниеге түсетін болады, өйткені семсер оларға қарсы суырылған. Мысыр халқы оның қалың әскерімен бірге сол жаққа сүйретіліп әкетілмек. О дүниенің ортасынан ең мықты батырлар Мысырға және оны қолдаған одақтастарына таңырқап былай демек: «Пай-пай, олар төмен түсіп, әділетсіздермен әрі семсерден қаза тапқандармен бірге тыныш жатыр екен!» Ал, Қапарнаум қаласы, сенің атың мақталып, көкке шығарыла ма? Жоқ, сен түпсіз тұңғиыққа құлайсың! Егер сенде жасалған кереметтер ежелгі Содомда орын алған болса, сол қала күні бүгінге дейін сақталған болар еді.
Выбор основного перевода