Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Мен үстерінен қолымды созып, оларды қырып-жойып, қай жерде тұрса да: (оңтүстіктегі) иен даладан (солтүстіктегі) Диблаға дейін елдерін қаңыратып, бос қалдырамын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». Патша қайғырып, билік жүргізген әмірші сары уайымға салынады. Елдегі халықтың қолдары қорқыныштан дірілдейді. Мен оларды істегендері бойынша жазалап, өз заңдары бойынша соттаймын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады!» Сондықтан сендер енді қайтып жалған көрініс көріп, сәуегейлік айтпайсыңдар! Мен өз халқымды сендердің қолдарыңнан құтқарып аламын. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар». балықшылар ауларын жаятын теңіздегі орынға айналады. Өйткені Мен осылай деймін, — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. — Содан Тир бөтен халықтардың олжасы болады. Сол үшін мен Рабба қаласының қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның сарайларын жалмап қояды. Дауылды күннің құйынындай бір әскердің шабуылдап атой салғаны естілетін болады. Сонда Амонның патшасы өзінің әміршілерімен бірге басқа жаққа айдалып кетеді», — деп нық айтады Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода