Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Арандарын кең ашып маған мін тағады:«Рас, біз сенің жамандық жасағаныңдыӨз көзімізбен көрдік» деп айыптайды. Кедейді тілдеген Жаратушысын қорлайды,Сәтсіздікке қуанған жазасыз қалмайды. Күллі жауың саған арандарын ашуда,Ысқыра тіс қайрап: «Оны жалмап тындық та!Көп күткен күнді, міне, көрдік!» — деп мақтануда. Мен олардан бет-жүзімді теріс бұрып, жаулары Менің киелі үйімді арамдамақ. Сол тонаушылар оның ішіне баса-көктеп кіріп, оны арамдап кетеді. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ей, Аммон халқы, сен Исраил елін жек көргеннен қолдарыңды шапалақтап, аяқтарыңмен жер тепкілеп, оны табалап күлдің. «Ей, пендем, Тир қаласының халқы Иерусалим жайында келекелеп былай деген еді: «Әп, бәлем! Жақсы болды! Өзіңе де сол керек! Халықтарға апаратын тоғыз жолдың торабында тұрған қала қиратылып, маған жолдар айқара ашылды. Сол қала талқандалып жатқандықтан, енді мен байлыққа кенелемін!» Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жау сендер туралы: «Әп, бәлем, өздеріңе сол керек! Сол ежелгі қырат-қырқалар да иелігімізге көшті!» деп табалаған еді.
Выбор основного перевода