Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Едомдықтар Яһуда еліне қайтадан басып кіріп, көптеген адамдарын тұтқындап алып кеткен болатын. Уа, Жаратқан Ием, есіңе түсіршіИерусалим жау қолына түскен күніЕдомдықтардың не істегендерін:«Қиратыңдар қаланы түбіне дейін!Қиратыңдар оны!» деп өршіткендерін. Әлемнің Иесі Едом туралы мынаны айтады: «Теманда даналықтың қалмағаны ма? Ондағы данышпандар ақыл-парасаттан айырылып, даналықтан құр қалған ба? Кері бұрылып, қашыңдар, ей, Деданның тұрғындары! Терең үңгірлерге жасырыныңдар! Әйтпесе Мен Есаудың үрім-бұтағын жазалап, жермен-жексен қылғанда, сендер де соның кесірін тартып жүрерсіңдер. Жүзім жинаушылар жүзімді жинағанда біразын қалдырып отырады. Түнде ұрылар түссе, олар сондағы дүниені өздеріне керегінше ғана ұрлап әкетеді. Бірақ Мен Есаудың елін толығымен жалаңаштаймын. Бас сауғалайтын жерлердің бәрін ашып, сонда оған жасырынатын орын қалмайды. Күллі балалары мен бауырлары, көрші-қолаңдары қырылып, Едом халқы ғайып болады. Жетім балаларыңды Маған қалдыр, Мен олардың жанын аман сақтаймын. Жесірлерің де Маған сенім артатын болсын!» Жаратқан Ие мынаны айтады: «Тіпті Менің қаһарыма толы тостағаннан дәм татуға бұйырылмаған жазықсыздарға содан дәм татуға тура келсе, сен неліктен қасірет шекпеймін деп ойлайсың? Жоқ, сен де жазасыз қалмай, соның қасіретін шегетін боласың! (Едомның астанасы) Босора қирап, елсіз бос қалып, үйіндіге айналады. Ол басқаларға қорқынышты көрініс болып, олардың келекесі мен қарғысына қалады! Оған қарасты елді мекендер де біржола қирайды, — деп өз атыммен ант етемін». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Жаратқан Иеден жеткен бір хабарды естідім, халықтардың арасына бір шабарман жіберілді. Ол: «Жиналып, аттаныңдар! Оған қарсы шайқасуға шығыңдар!» деп жариялайды. (Жаратқан Ие Едомға былай деп ескертеді:) «Біліп қой, Мен сені ұлттардың арасында шағын әрі жұртқа елеусіз қыламын. Басқаларға сес көрсетіп кеуде көтеріп, соған алданып кеттің. Жартастардағы қорғандарда тұрып, биік қыраттарды иемденіп келесің. Алайда тіпті ұяңды бүркіттей қияға салсаң да, бәрібір Мен сені сол жерден де құлатып түсіремін! — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Осылай Едом елі қорқынышты көрініске айналады. Өткен-кеткен адамдардың бәрі оның қирап жатқанын көргенде аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып табалайтын болады. Едом елі ежелгі Содом мен Ғомора және оларға көршілес қалалар сияқты құрып, жермен-жексен болады. Онда ешкім қоныстанбайды, адам баласы оны мүлдем мекендемейді». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. «Мен Иорданның бойындағы ну тоғайлардан шыға келіп, шұрайлы жайылымдағы ұсақ малға бас салатын арыстан сияқты, әп-сәтте Едомды өз жерінен қуып жіберемін. Бұл үшін Мен тағайындайтын таңдаулым кім екен? Менімен теңдес болып, Мені жауапқа тарта алатын ешкім жоқ. Маған қарсы тұра алатын ешбір бақташы да жоқ. Сондықтан Мен, Жаратқан Ие, Едомға және ондағы Теман қаласының тұрғындарына қарсы не жоспарлағанымды тыңдаңдар: Едом халқы, тіпті олардың балалары да міндетті түрде басқа жаққа айдалып әкетіледі. Істеген қылықтарының кесірінен олардың мекендері сөзсіз қаңырап бос қалады. Олардың құлдырағанынан жер бетіндегі халықтар дірілдейді, қиналған айқайлары тіпті Ақаба шығанағына дейін де жаңғырып естіледі. Біліп алыңдар, жау қанатын кең жайып, шарықтап, шүйілген бүркіт секілді Босора қаласына бас салмақ. Сол күні Едомның батырларының жүректері толғатып жатқан әйелдікіндей үрейленетін болады». Ус еліндегі Едом халқы, қуанасың ба?Ащы шараптай кәрлі жазаны тартасың да,Мас адамдай абыройыңды ашасың да! Уа, Сион халқы, бітпек енді күнәңнің жазасы,Иеміз қуғыныңды көп ұзартпайды тағы!Ал, Едом халқы, Жаратқан сені жазалайды,Ол зұлым істеріңді ашып жариялайды. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, Сейір тауы, Мен өзіңе қарсы шығамын! Саған қарсы қолымды созып, сені қаңыратып, елсіз қалдырамын. Қалаларың қиратылып, өзің қаңырап бос қаласың. Сонда сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Сен қаскүнем пиғылыңнан арылмай, Исраил халқының басына күн туып, зұлымдығы жазаланатын ақырғы сағаты соққанда, оларды семсерден қырылуға тастап кеттің. Сол себептен мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Мен сені қантөгіске үкімдеймін де, бұдан былай ол сенің қыр соңыңнан қалмай қояды. Сен қантөгісті еш жек көрмегендіктен, ол сені өкшелейтін болады. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Едом халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Едомдықтар өздерімен бауырлас халықты қолдарына семсер алып қуып, өздеріндегі аяушылық сезімін басып таптап, ешқандай мейірімділік танытпады. Олар бауырластарына деген ашуынан қайтпай, соларды ызалана паршалап өлтірді. Сол үшін Мен Теман аймағына от жіберемін. Сол от Босора қаласының сарайларын жалмап қояды». Бұл — Абдидің көрген көрінісі.Мұнда Жаратушы Тәңір Иенің Едом елі туралы айтқаны берілген.Жаратқан Иеден жеткен бір хабарды естідік, халықтардың арасына бір шабарман жіберілді. Ол: «Жиналыңдар! Едомға қарсы шайқасуға шығыңдар!» — деп жариялайды. (Жаратқан Ие Едом еліне былай деп ескертеді:) «Біліп қой, Мен сені ұлттардың арасында шағын әрі әбден елеусіз қыламын. Сен жартастағы қуыста тұрып, биік қыраттарды мекендеп келесің. Сондықтан «Кім мені бұл жерден құлатып түсіре алады?!» деп кеуде көтеріп, соған алданып кеттің. Алайда тіпті бүркіттей самғап, ұяңды жұлдыздардың арасында салсаң да, бәрібір Мен сені сол жақтан да құлатып түсіремін!» — деп нық айтады Жаратқан Ие. «Саған ұры түсіп, түнде қарақшы бас салса, олар өздеріне керегінше ғана ұрлап әкетпес пе еді? Жүзімшілер жүзімді жинағанда біразын (кедейлерге) қалдырмас па еді? Бірақ сені күтіп тұрған қырғынды айтсаңшы! Есау халқының тінтілетіні-ай, тығылған көмбелерінің де тоналатыны-ай! Одақтастарыңның барлығы сені шекараға тықсырады, достарың сені тақырға отырғызып, күштеп әлімжеттік жасайды. Дастарқандас болып наныңды жеген достарың саған тұзақ құрып: «Ол тіпті де түсінбейді» дейтін болады». Жаратқан Ие сол күні мынаны айтады: «Мен міндетті түрде Едомның данышпандарын, Есаудың тауларындағы түсінігі мол адамдарын құртамын! Уа, Теман қаласы, сенің жауынгерлерің үрейленіп, Есаудың тауларында тұрғандардың барлығы қырғынға ұшырайды. Өзіңнің бауырлас елің Жақыпқа жасаған зорлығың үшін сен масқара болып, біржола құрисың. Жау Исраил еліне басып кірген күні сен қарап тұра бердің. Жат жерліктер оның әскерін айдап әкетіп, шетелдіктер Иерусалимнің қақпаларына кіріп, жеребе тастап оның байлығын бөлісіп жатқанда, сен солардың бірі сияқты болып тұрдың. Бауырыңның басына күн туғанда сен қарап тұра бермеуің керек еді! Яһуда елі қырғынға ұшырағанда оны табалап мәз болмауың керек еді! Олар қатты қиналған күндері сенің мақтанбауың керек еді! Халқым сондай апатқа ұшырағанда, соның қақпасына басып кірмеуің керек еді! Халқым азап шеккен күні бақытсыздығына қарап мәз болмауың керек еді! Сол қиын-қыстау күні халқымның дүние-мүлкін талан-таражға салмауың керек еді! Жол айырықтарында тұрып, босқындарын өлтірмеуің, тірі қалғандарын жау қолына ұстап бермеуің керек еді! Жаратқан Иенің барлық халықтарды соттайтын күні таяп қалды! (Уа, Едом,) сен не істеген болсаң, саған да сол нәрсе істелінеді. Осылайша істегендерің өз басыңа түспек. Сендер Менің қасиетті тауымда тойлап ішіп алғандарың сияқты, енді барлық халықтар да Менің қаһарыма толы тостағанымнан ішетін болады! Сонда сендер (сол тостағаннан) ішіп, ішкендеріңді жұтып, ешқашан болмағандай жоғалып кетесіңдер. Бірақ Сион тауы қашқындарға бас сауғалайтын пана болады. Ол киелі болмақ. Жақыптың халқы өзінің мұралық жерін қайтадан иемденеді. Сол кезде Жақыптың халқы — от, Жүсіптің ұрпақтары — жалын іспетті болады. Ал Есаудан тарағандар сабанға ұқсайды. Әлгілер сабанға от қойып, от оны жалмап қояды. Содан Есаудан тарағандардан ешкім аман қалмайды». — Жаратқан Ие осыны кесіп айтады. Сонда оңтүстіктегі Негев даласында тұратындар Есаудың тауларын иемденіп, батыстағы төменгі қыраттардың тұрғындары філістірлер еліне ие болады. Бұлар Ефрем мен Самарияның жерлерін, ал Бунямин руы Ғилақад аймағын иемденбек. Қанахандағы исраилдік жер аударылғандардың осы тобы Сарептаға дейінгі жерге ие болып, Иерусалимнен Сефарадқа жер аударылғандар қайтып келіп, Негевтің қалаларына иелік етеді. Елді азат еткендер Сион тауына шығып, Есаудың тауларына билік құрады.Ал Патшалық Жаратқан Иенікі болады.
Выбор основного перевода