Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әйелдің айлық етеккірі келіп жүрген кезінде онымен жақындаспа! Басқа біреудің әйелімен еш жақындасып, өзіңді арамдама! Егер ер адам әйелмен оның айлық етеккірі келіп жүрген кезінде жақындасса, ол әйелдің етеккірінің көзін жалаңаштап, әйелдің өзі де оны ашты. Бұлардың екеуін де халықтың арасынан аластату керек. Сондай-ақ ол кедейлер мен мұқтаждарға қысым көрсетіп, адамдарды тонайды, жарлыға берген қарызы үшін кепілдікке алғанын қайтармайды. Жалған тәңірлерге сиынып, өзге де жексұрын күнәлар жасайды, Ол не биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық асынан ішіп-жемейді, не Исраил халқы табынатын жалған тәңірлерге сиынбайды, не өзгенің әйеліне барып неке адалдығын бұзбайды. Сенде жазықсыз жала жауып, кісі өлтірткен зұлымдар да бар! Олар тау-төбе бастарында жалған тәңірлерге арналған құрбандық астарынан ішіп-жеп, азғын іс-әрекет жасайтындар. Араларыңда әкесінің әйелімен жақындасып оның абыройын төккендер де, айлық етеккірі келіп, таза емес деп есептелетін әйелдерді зорлап кеткендер де бар. Сенде тұратын тағы біреу көршісінің әйелімен неке адалдығын бұзған, екіншісі өзінің келінімен жақындасып оның абыройын төккен, үшіншісі туған қарындасын, өз әкесінің қызын зорлаған. Сол себепті оларға былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендер етті қанын ағызбай жей бересіңдер, жалған тәңірлерге табынасыңдар, адам қанын төгесіңдер. Сонда елге тұрақты иелік етпексіңдер ме?!
Выбор основного перевода