Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Азғын адам теріс жолынан қайтып, әділетсіз жан өз ойларынан бас тартсын! Бәрі Жаратқан Иеге бет бұрсын, сонда Иеміз мейірімділік танытады. Олар Құдайымызға қайта оралсын, өйткені Ол жомарттықпен кешіреді Оларға былай деп жауап бер: Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп мынаны айтады: Мен зұлымның өлімін емес, оның теріс жолынан қайтып, өмір сүре бергенін қалаймын. Кері бұрылыңдар! Теріс жолдарыңнан қайтыңдар, уа, Исраил халқы! Әйтпесе сендерге өліп не бар?! Ол барлық адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуларын қалайды. Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!
Выбор основного перевода