Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Адал жүрген мені Ием қолдады,Пәк істерім үшін игілік сыйлады. Өйткені Жаратқанның жолымен жүрдім,Арсыз болып Құдайымнан безбедім. Қайта, күллі шешімдері көз алдымда,Оның ережелерінен бас тартпаймын да. Құдайдың алдында мінсіз болып келемін,Күнә жасаудан сақтанып жүремін. Жаратқан маған берді әділдігіме қарай,Оның көз алдындағы пәк ісіме сай. Ием, рақымды жанға рақым танытасың,Адал жанға адалдықпен қарайсың, Таза жүрген жанмен Өзің де тазасың.Арамзаға айламен жауап қайырасың. Бұрын жасаған күнәларының ешқайсысын Мен бұдан былай ескермеймін. Сол адам әділ де ізгі істерді істегендіктен еш шүбәсіз тірі қалады. Сен бізге қайтадан рақымыңды көрсетесің. Әділетсіз істерімізді аяғыңмен таптап, күнәларымыздың бәрін де теңіздің тұңғиығына тастайсың!
Выбор основного перевода