Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда кездесу шатырын (бағана тәрізді) бұлт басып, Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы Оның нұрлы салтанатына кенелді. Мұса кездесу шатырына кіре алмады, себебі оны бұлт жауып, Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы Оның нұрлы салтанатына бөленді. Діни қызметкерлер Жаратқан Иенің киелі үйінен шыққан кезде киелі үй бір қалың бұлтқа кенелді. Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты осылайша Жаратқан Иенің киелі үйін кенелтіп жібергендіктен, діни қызметкерлер оның ішіндегі қызметтерін жалғастыра алмай қалды. Олардың бұл айқайынан киелі үйдің есік жақтаулары мен табалдырықтары шайқалды. Үй іші түтінге толып кетті. Оның айналасындағы жарқыраған нұр жаңбырлы күні бұлттарда пайда болатын кемпірқосаққа ұқсас еді. Сол кезде Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты өзі орналасқан керуб атты күзетші періштелердің үстінен көтерілді де, киелі үйдің табалдырығына қарай жылжып барды. Бұдан кейін Жаратқан Ие беліне жазу құралдарын байлап алған, ақ бәтес киім киген қызметшісін алдына шақырып алды да, Кенеттен шығыс жақтан Исраилдің Құдайының келе жатқан нұрлы салтанатын көрдім. Оның үні сарқырап қатты ағып жатқан судың гүріліндей болды. Төңіректегі бүкіл жер Оның салтанатынан нұрланып жарқырап тұрды. Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты киелі үйге Шығыс қақпа ғимараты арқылы енді.
Выбор основного перевода