Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қаһарынан Оның түтін шықты,От лаулап, аузынан жалын атты,Ыстық шоқ ішінен атқылады. Осы кезде жалындаған періштелердің бірі құрбандық үстелінен жанып тұрған көмір шоғынан көсеумен алып, маған ұшып келді. Сонда мен солтүстікке қарайтын Үстіңгі қақпа жақтан келе жатқан алты кісіні көрдім. Әрқайсысының қолында қырып жоятын қаруы бар екен. Олармен бірге ақ бәтес киім киіп, беліне жазу құралдарын байлап алған тағы біреу де келе жатты. Олар ғибадатхананың ауласына кіріп, қола құрбандық үстелінің жанына келіп тұрды. Сол кезде Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты өзі орналасқан керуб атты күзетші періштелердің үстінен көтерілді де, киелі үйдің табалдырығына қарай жылжып барды. Бұдан кейін Жаратқан Ие беліне жазу құралдарын байлап алған, ақ бәтес киім киген қызметшісін алдына шақырып алды да, Құлағым дөңгелектердің «құйын» деп аталатынын шалды. Қолында хош иісті заттарды түтетуге арналған алтын табасы бар өзге бір періште келіп, түтету үстелінің жанына тұрды. Оған молынан хош иісті заттар берілді. Ол соларды Құдайдың бүкіл халқының айтқан мінажаттарымен бірге тақтың алдындағы алтын жалатқан түтету үстеліне Тәңір Иеге бағыштап қоюға тиіс еді.
Выбор основного перевода