Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұнан кейін Рух мені көтеріп алды да, Жаратқан Иенің киелі үйінің Шығыс қақпасына алып келді. Қақпаның кіреберісінде жиырма бес ер адам бар екен. Солардың арасынан халықтың басшылары Азур ұлы Язаниях пен Бенаях ұлы Пелатияхты көрдім. Мұнан кейін керубтер қанаттарын жайып, жандарындағы дөңгелектерімен бірге жоғары көтерілді. Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты олардың үстіңгі жағында тұрды. Кенеттен шығыс жақтан Исраилдің Құдайының келе жатқан нұрлы салтанатын көрдім. Оның үні сарқырап қатты ағып жатқан судың гүріліндей болды. Төңіректегі бүкіл жер Оның салтанатынан нұрланып жарқырап тұрды.
Выбор основного перевода