Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұндайлар ажалды зарыға күтеді, оны көмілген қазынадан бетер іздейді, әйтсе де ажал оларға жоламайды. Егер өліп, қабірге қойылған болса, олар қуанышқа кенеліп, шаттанар еді. Содан мен мына денеде өмір сүргенше, буындырылып өлтірілгенді артық көрер едім. Осылайша өмірімді жек көремін, мәңгілік өмір сүргім келмейді. Күндерім шығарған демімдей өткінші, өзімді жалғыз қалдырсаңшы! Мен «отарымның» тірі қалғандарын Өзім айдап жіберген елдерден жинап аламын да, өздерінің еліне қайтарамын. Олар сонда өсіп-өнетін болады. «Исраилдің үрім-бұтағын солтүстіктегі елден және Өзі аластатып жіберген басқа да барлық елдерден жинап алып келген мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын» дейтін уақыт тумақ! Сонда исраилдіктер өздерінің елін мекендейтін болады». Уа, Жасаған Ие, Сен әділсің, ал бүгінгі күні біз қара бет болдық. Бәріміз де — Яһуда мен Иерусалимнің адамдары әрі алыстағы да, жақындағы да бүкіл Исраил халқы Саған опасыз болғандықтан, әр түрлі елдерге тарап кетіп, ұятқа қалып отырмыз. Осы бес ай ішінде адамдар өлгілері келсе де, өле алмайды. Олар өлуді қаншама аңсағанмен, ажал олардан безіп кететін болады.
Выбор основного перевода