Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұятымызға бола біз жерде жатырмыз әрі масқараның астында қалдық. Өйткені өздеріміз де, ата-бабаларымыз да Құдай Иемізге қарсы күнә жасадық. Жастық шағымыздан күні бүгінге дейін Құдайымыздың айтқандарына құлақ аспай келеміз. Яһудада хабарлап, Иерусалимде жариялаңдар, бар күштеріңмен айқайлап, мынаны айтыңдар: «Керней тартып, бүкіл елде дабыл қағыңдар! Бәріне былай деңдер: Жиналыңдар! Бекіністі қалаларға қашып барып бас сауғалайық! Қайта, қасарысып өз жүректерінің қалауымен жүріп, әкелерінен үлгі-өнеге алып, жалған тәңір Бағалдың мүсіндеріне табынып кетті. Сондықтан Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен мына халыққа азаптың жусандай ащы дәмін татқызып, соттың улы сусынын ішкіземін. Бірақ Бабыл патшасы Набуходоносор елге басып кіргенде біз халдейлер мен арамалықтардың әскерінен бас сауғалау үшін Иерусалимге келуді шештік. Осы себептен де қазір Иерусалимде тұрып жатырмыз. Ием мені ащы күйінішпен тойдырды,Удай ащы жусаннан ішкізіп мас қылды. Мүшкіл халім мен мүсәпір жағдайымдыЕске алсам, күйініш толтырады жанымды. Сонда Исаға ішуге өт қосылған сірке суын ұсынды, бірақ дәмін татқан соң Ол оны ішуден бас тартты. Сол жұлдыздың аты — жусан. Судың үштен бір бөлігі жусандай ащы болып, одан ішкен көптеген адамдар өліп қалды.
Выбор основного перевода