Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Досым оның топырағын қопсытып,Тазартты барлық тастардан арылтып,Таңдаулы бұталарды отырғызып,Күзетуге мұнара салды қойып.Жүзім шырынын таптап сығуға арнапШұңқыр да жасап қойды әктастан қашап.Содан тәтті жемістің шығуын күтті,Жүзімдер бірақ ащы болып шықты! Олар ораза ұстаса да, жалбарынышына құлақ аспаймын! Құрбандықтар мен астық тартуларын өртеп ұсынса да, соларын қабылдамаймын! Мен оларды семсер, ашаршылық және індет арқылы қырып-жоямын. Күміс, қола, темір, қорғасын және қалайыны от үрлеп, балқыту үшін алдымен көрікке салып жинайды. Дәл осылай Мен де сендерді лаулаған қаһарыммен қалада жинаймын да, көрікке салып, балқытқандай азап отынан өткіземін. Мен барлығыңды жинап алып, сендерге өз қаһарымның отын үрлеймін, соның ішінде балқисыңдар. Сол «халық» Менің жүзім бұталарымды ойрандады, інжір ағаштарымның бұтақтарын сындырып, жемістерін жұлып тастап, бұтақтары ағарып қалды. «Мен бәрін де жер бетінен құртып жібермекпін! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Жол бойында Ол бір інжір ағашын көріп, қасына барды. Бірақ одан жапырақтан өзге ештеңе таппады. Сонда Иса: «Бұдан былай мәңгі ешқандай жемісің болмасын!» — деді. Інжір ағашы бірден қурап қалды. Иса мына астарлы әңгімені де айтып берді: «Бір кісінің жүзім бағында інжір ағашы да болыпты. Иесі барып, ағаштан жеміс іздейді, бірақ түк те таба алмайды.
Выбор основного перевода