Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Солтүстік Исраилдің және Яһуданың халқын Өзінің барлық пайғамбарлары мен хабаршылары арқылы: «Жаман жолдарыңнан қайтыңдар! Мен ежелде ата-бабаларыңа тапсырған, әрі Өзіме қызмет етуші пайғамбарларым арқылы сендерге де табыстаған бүкіл Таурат заңымдағы өсиеттерім мен ережелерімді орындаңдар!» — деп ескертіп жүрді. Күнәларыңнан арылып, тазарыңдар! Көз алдымда жасап келген зұлым істеріңді тоқтатып, жамандық атаулыдан бас тартыңдар! Жақсылық істеуді үйреніп, әділдікке ұмтылыңдар! Зорлық-зомбылық жасағандарды әшкерелеп, оларға тыйым салыңдар, жетім-жесірлерді қолдап, мүдделерін қорғаңдар!» — Шіркін, қайтып келсең ғой, о, Исраил, Өзіме қайтып оралсаңшы! — дейді Жаратқан Ие. — Тек жиренішті тәңірсымақтарыңды Менің алдымнан аластатып, бұдан былай адасып тентіреулеріңді қоюға тиіссіңдер. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Теріс жолдарыңнан қайтып, іс-әрекеттеріңді түзетіңдер! Сонда Мен сендерге осы елде әрі қарай тұра берулеріңе жағдай жасаймын. Жат жұрттыққа, жетім-жесірге жамандық істемей, жазықсыз қан төгулеріңді, бөгде тәңірлерге табынуларыңды қойыңдар, өйткені осылар өздеріңнің құрып кетулеріңе себеп болады. Мына зұлым халық Менің айтқандарыма құлақ асудан бас тартады. Олар қасарысқан жүректерінің қалауларымен жүріп, бөгде тәңірлерге құлшылық етіп, соларға иіліп табынуда. Сондықтан олар осы белбеуге ұқсап түкке тұрғысыз болып қалады. Сондықтан Яһуданың адамдарына және Иерусалимнің тұрғындарына былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп алыңдар: Мен сендерге бір жаман апатты ойластырып дайындап жатырмын. Сондықтан әрқайсың зұлым жолдарыңнан қайтып, іс-әрекеттерің мен жүрген жолдарыңды түбегейлі өзгертіңдер!» Егер осы бұйрықтарыма бағынатын болсаңдар, онда Дәуіттің тағында отырған патшалар мына сарай қақпалары арқылы күйме, аттарымен өтіп, соңынан нөкерлері мен халқы еріп (салтанатты шерумен) кіретін болады. «Әрбір жетінші жылы әрқайсың өзін саған басыбайлы қызметшілікке сатқан исраилдік ағайыныңды малайлықтан босатуға тиіссіңдер! Ол саған алты жыл бойы қызмет етіп болған соң, оны қоя бер!» Бірақ сендердің ата-бабаларың Менің сөзіме құлақ та асқан жоқ, мойынсұнған да жоқ. Адам және жануар атаулы азалы киім мен жабу жамылсын! Әркім Құдайға қатты жалбарынып сиынсын! Бәрі де зұлым жолдарынан қайтып, қатыгез іс-әрекеттерінен бас тартсын!
Выбор основного перевода