Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда олар мен туралы былай дейді: «Ана кісі кімдерге үйретпек? Кімдерге хабарларын жеткізбек? Ол бізді жаңа ғана емшектен шыққан сәбилер деп ойлай ма? — Олар: — Ол бізге бір өсиеттен кейін тағы бір өсиетті, бір ережеден кейін тағы бір ережені жол-жолмен, біртіндеп-біртіндеп айта береді», — деп те мазақтайды. Ал енді, Құдай осы халыққа арнап бөтен тілдерде сөйлеп, жат жерліктердің тілдерімен үн қатпақ. Ол осы халыққа былай деген: «Бұл — тыныш жер, шаршағандардың тынығып демалатын мекені. Осында тыныштықта боласыңдар». Бірақ бұлай да олар Мені тыңдаудан бас тартты! — Уа, Жаратқан Ие, Сен шыншылдықты талап етесің ғой! Сен оларға соққы берсең де, еш ауырсынбады, күйрете соққы берсең де, түзелуден бас тартты. Олар беттерін тастан бетер қатайтып қасарысып, күнәларына еш өкінбеді. Олар Маған жүздерімен емес, арқаларымен бұрылды. Мен соларға қайта-қайта тәлім берсем де, олар оныма құлақ түрген де жоқ, түзетуімді қабылдаған да жоқ.
Выбор основного перевода