Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ошия патшалық құрған тоғызыншы жылы Ассур патшасы Самарияны қолына түсіріп, оның халқын Ассур еліне жер аударып әкетті. Оларды Халахқа, Хабор өзенінің бойындағы Ғозанға және Мидияның қалаларына қоныстандырды. Алайда Яһуданың халқы да өзінің Құдайы Жаратқан Иенің өсиеттерін орындамай, Солтүстік Исраил енгізген жаман дәстүрлерге еліктеп кетті. Жаратқан Ие мынаны айтады: «Сендер Мені «шешелерің» Иерусалимді қуып жіберді дейсіңдер. Ендеше соны дәлелдейтін куәлік қағазы қайда? Мені біреуге берешек болып, соны өтеу үшін өздеріңді құлдыққа сатып жіберді деп те айыптайсыңдар. Жоқ, олай емес, сендер өздерің жасаған күнәларың үшін құлдыққа түстіңдер! «Шешелерің» де сендердің жасаған зұлым істеріңе бола қуылды! Сіңлісі Охолиба Охоламен не болғанын көрді. Сонда да ол әпкесінен бетер азғын құмарлыққа салынып, жезөкшелікпен одан әрмен айналысты. Гомер қайтадан жүкті болып, қыз туды. Сонда Жаратқан Ие Ошияға тіл қатып былай деді: «Оның есімін Рақым-көрмеген» деп қой! Себебі бұдан былай Мен Солтүстік Исраилге рақым көрсетіп, оны кешіруімді доғарамын! Сонда Жаратқан Ие Ошияға былай деді: «Соның есімін Халқым-емес деп қой! Себебі енді сендер халқым емессіңдер, Мен де сендердің Құдайларың емеспін!» Парызшылдар қарсылық білдіріп:— Олай болса, күйеуі арнайы куәлік қағазын жазып берсе, әйелімен ажырасуына болады деген ережені Мұса пайғамбар неге жазып қалдырған? — деді.
Выбор основного перевода