Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осының бәрін істегеннен кейін оны Өзіме қайтып оралатын шығар деп ойлаған едім. Бірақ ол оралмады. Оның үстіне, опасыз сіңлісі Яһуда да мұны көріп тұрды. Тіпті Самария сен жасаған күнәлардың жартысын да жасаған жоқ. Сен жексұрын іс-әрекеттерді сол апа-сіңліңнен де көп істедің. Өзіңмен салыстырғанда олар тіптен әділ іспетті болып көрінеді. Ал енді, масқараңды өз мойныңмен көтер! Сенің күнәларың олардікінен де бетер жексұрын болғандықтан, апа-сіңлің саған қарағанда әділірек, тіпті ақталғандай болып көрінеді. Сондықтан қызара ұялып, масқараңды өз мойныңмен көтер!
Выбор основного перевода